Бүгiн, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыӘнші Ерке Есмахан «Дауыс» альбомын жарыққа шығарып, халықтан сүйінші сұрады. Осылайша, үш жыл бала күтімі бойынша үзіліс алған әнші сахнаға қайта оралғанын мәлімдеді.
6 айлық еңбек
23 шілде күні шыққан «Дауыс» альбомында 9 ән мен 9 бейнебаян бар. Альбомның бас продюсері әншінің жары –Райым Бақтыгереев (Raim). Түсірілм тобының басы-қасында B1r production командасы болған. Альбомның продюсері – Әділжан Құттымұрат. Костюм бойынша стилист – Ақбөпе Әбдіраш.
Дәл қазір арқамнан жүк түсіп, қуанышым қойныма сыймай, шығармашылық ләззат алып отырмын, – деп жазды Ерке Есмахан Instagram парақшасында.
Әнші жаңа әндеріне композитор ретінде Әйгерім Сырлыбаеваны таңдап алған. Ал сөздерін әдеттегідей ақын Қайнар Алагөзовқа тапсырған екен. Бұл туралы әнші әлеуметтік желіде ақтарыла жазды.
Жаңа әнді тебіреніп, сезімге бөленіп жазатын, ол – композитор. Кейін сол әнге сөз жазатын, ол – ақын. Ал әнді әдемі етіп орындап, халыққа жеткізетін, ол – әнші, – деп жазды ол.
Ерке Есмахан осы әндерді жазып, бейнебаян түсіргенін ешкімге айтпай, ешкімге білдірмей жүргенін атап өтті. Былайша айтқанда, бұл қазақ эстрадасындағы ең әдемі камбэк.
Алты айға созылған үлкен еңбектің нәтижесі жарыққа шықты. Осы уақыт бойы бұл жұмыс туралы ешкімге айтпай, білдірмей, сездірмей еңбек еттім, – деп жазды әнші Instagram-да.
Жаны бар альбом
Ерке Есмахан «Дауыс» альбомының тұсауын Мадина Ералиеваның орындауындағы «Наз» әнімен кесті. Еркенің нәзік үні «Нұр тұнған, сыр тұнған» дейтін тармаққа әдемі үйлескен. Әнші бейнебаянның басын «Қазақ өнер тарихында өшпес із қалдырған аңыз тұлғаларымызға мәңгі тағзым!» деп бастайды. Әрі әннің соңында аңыз-әншінің өз дауысын қосып, ерекше құрмет көрсетеді. Еркенің альбомын таныстырар тұста әнші Мақпал Жүнісовадан бата алып, бейнебаянында Мадина Ералиеваның еске алғанына жұрт сүйсінді.
Одан кейін әнші тыңдарманына «Баланың бағы – анасының дұғасы. Менің әр жетістігімнің артында ата-анамның батасы тұр» деген ой тастады. Қайнар Аалагөзовтың сөзіне жазылған «Ақ бұрымды анашым» әні анасы мен қызы арасындағы байланысты, анаға деген құрметті көрсетті. Әнші осылайша жарық дүние сыйлаған анасына әдемі ән арнады.
Ары қарай әнші анасына бала екенін, балаларына ана екенін үндеді. Мультфильм ретінде түсірілген «Әлди-әлди» бейнебаяны көптің көңілінен шығары анық.
Өзін эстрадағы ең нәзік, ең талғампаз әнші ретінде көрсететін Ерке Есмахан бұл жолы да білгенінен жаңылмады. Жаңа әнінде «Қыз-ғұмыр – гүл ғұмыр. Біздің нәзіктік – әлсіздік емес, әлемді әдемі ететін күш» деп ағынан жарылды. Қыздар қауымына арналған туынды хитке айналатыны анық.
Келесі «Тарам-тарам» әнін әнші жары Райымға арнаған екен. Бейнебаянның басында «Бір алтын – оның әр тал шашы маған» деп жазылған. Мұнда Ерке Райымның шашын айтып тұр деп ойласаңыз, қателесесіз. Әнші клипке өзінің табиғи бұйра шашымен түскен. Әр кадрда Райымның жұбайының шашынан сипайтынын байқауға болады.
Альбомдағы алтыншы ән – қыз ұзатуға арналғаны көрініп тұр. «Текті әулетке түскен ақ келінмін, қайын сіңлілеріме ақжолтай жеңгемін!» деп қайырды әнші.
Жаңа альбомдағы назар аударарлық екі туынды бар десек, – бірі «Өзіңе сен» әні. Әншінің бейнебаян басталғанда «Саған бір ғана жанның сенімі керек. Ол – өзің» деуінің өзінде үлкен мән жатыр. Өйткені Ерке Есмахан осы клипінде өзінің жүріп өткен жолын көрсеткендей болды. Продюсер Баян Есентаевамен жұмыс істеп жүріп, 11 жылдан соң танымал болады. Музыкалық продюсер Бағым Мухитденова да Еркені басында телеарналар бағдарламасына шақырғысы келмегенін, әншімен жұмыс істеп, ақыры бүкіл елге танымал жұлдыз болғанын айтқан-ды. Сондықтан клиптегі «Жақсыны көре біл, мұңыңды жеңе біл. Өзгелер сенбесе сенбесін, өзіңе сене біл» деген тармақ – альбомның ең әсерлі тұсы.
Сондай-ақ әнші Алматыға ән арнап, жары Райыммен дуэт орындаған. Алматының динамикасын, вайбын бере алған ән – 6elucci тобының «Стиль таза Қызылорда» әнімен бәсекеге түсетіні анық. Ал альбомның соңы «Жүрегімнен шыққан әндерім – жүректеріңізге жетсін!» деп аяқталады. Мұнда «Жүрегіңді тыңда, өзіңді сүй!» деп айтылған.
Мұнымен әнші не демек?
2016 жылы «Қайда?» әнімен рекорд қойған Ерке Есмахан шоу-бизнеске қайта оралды. Жай оралған жоқ нағыз маркетинг жоспарын сайлап келді. Алдымен, Мадина Ералиеваның әнін орындап, елдің тамырын басты. Анасына арнаған әнін де халық жылы қабылдады. Енді «Әлди-әлди» әні баласын ұйықтатуға тырысқан әр ананың плейлистінде болатыны анық. Осылайша, әнші Жазира Байырбекованың «Бесік жырымен» бәсекелесе алады. Одан кейін әнші қыздардың қалауын әнге қосу арқылы, сұраныста жүруді ойлаған сыңайлы. Өйткені кез келген гүл алған ару «Гүлдер-ай, гүлдер-ай. Бақытты күндер-ай. Гүлдің алған арудың күлген-ай» дейтін өлең жолдарын әлеуметтік желіде бөлісетіні анық.
Әрине, қазақ эстрадасы тағы бір қыз ұзатуға арналған әнге толыққанын естен шығармайық. Демек, Ерке Есмахан той-бизнес есігін «айқара ашты». Жоғарыда айтқанымыздай, әншінің «Өзіңе сен» әні мен Алматыға арнаған әні хид-парадтан түспейтінін болжап көрелік.
Бүгiн, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?