7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Ресейдің танымал пародисі Максим Галкин Қазақстандағы концерттеріне жасырын тыйым салынғаны туралы мәлімдеген еді. Астана қалалық мәдениет басқармасы жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылдың 1 наурызында Астана қаласының "Мәдениет басқармасына” 2023ж. 8 қазанда Роза Бағланова атындағы "Қазақстан" орталық концерт залында Максим Галкиннің кешін өткізу туралы “TopBilet" ЖК директоры Р.Р.Аслановтан № 271 кіріс хаты келіп түсті.
8 қазанда мұғалімдер күніне арналған концерт өткізілетіндіктен, кешті ұйымдастырушыларға басқа күнді немесе басқа ғимаратты таңдау ұсынылған. Ұйымдастырушылардан бұдан басқа хаттар түспегені мәлім болды.
Бұған қарамастан, Ұстаздар күніне арналған концертті басқа концерттік залда өткізу жоспарланғанын ескере отырып, ұйымдастырушылар қайта жүгінген жағдайда, ұйымдастыру комитеті тиісті заңнамаға сәйкес Максим Галкиннің кешін өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Максим Галкин әлеуметтік желіде Қазақстанды жақсы көретінін, бірақ концерттерін өткізуге белгісіз себептер барын жеткізді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?