20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Мектеп – даусыз аймақ» республикалық пилоттық жоба аясында 2019 жыл бойы Маңғыстау облысының екі қаласы мен бес аудан орталығында медиацияны оқыту семинарлары ұйымдастырылды.
Оның барысында білім саласының қызметкерлеріне мектеп медиациясының негіздері бойынша толық ақпарат ұсынылды.
Мектеп медиациясы - білім беру процесіне қатысушылар (оқушылар, оқушылар мен ата-аналар) арасындағы дауларды, жанжалды жағдайларды шешуге бағытталған инновациялық әдіс, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ҚХА.
Сондай семинарлардың бірі Жаңаөзен қалалық коворкинг орталығында өтті. Онда мектеп медиациясының мәселелері жан-жақты талқыланды.
Жібек Ахметова тәрбиешілер арасында «Медиация», «Мектеп медиациясы», «Кәсіби медиатор» және «Кәсіби емес медиатор» ұғымдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде, Жанар Рахманова жиналғандарға өзінің кәсіби медиатор ретіндегі тәжірибесімен бөлісіп, бірнеше нақты мысал келтірді.
Қатысушылар арасында ақпараттық материалдар үлестірілді. Семинар модераторлары қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, оларды татуластыру қызметімен тығыз байланыста болу үшін тегін оқудан өтуге шақырды.
Шара соңында барлық қатысушыларға тиісті сертифкаттар табысталды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?