29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМұнайды заңсыз сатып алу, сақтау және өткізу фактісі бойынша Қарағанды облысының тұрғыны сотталды, деп хабарлайды El.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«С.В. Шмидт өз үйінің аумағындағы гаражда құжатсыз мұнай өнімдерін сақтау және өткізу үшін үш цистернаны пайдаланған. 2021 жылы ол дизельдік отынды тасымалдауға және өткізуге арналған жүк-жолаушы типті көлікті қайта жөндеуден өткізген. Көлікке әрқайсысының көлемі 1 000 литр болатын екі цистерна орнатылған», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу» туралы Заңының талаптарын бұзған. Мұнай өнімдерін заңсыз сатып алу, сақтау және өткізуді іске асырғаны үшін С.В. Шмидтке Сот үкімімен қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек