29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Президент мүгедектігі бар азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін қосымша шаралар қабылдауды көздейтін заңға қол қойды. Заңның орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тамыз айының соңына дейін 300-ден астам заңға тәуелді акті өзектендіріледі, – деп хабарлайды El.kz.
– Жалпы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту 2009 жылдан басталып, кезең-кезеңмен іске асырылып келеді. Қазіргі таңда Қазақстанда 700 мыңға жуық мүгедектігі бар адам тұрады. Оның 60 пайызы – еңбек жасындағы азаматтар. 26 пайызы – зейнет жасында. Тағы 14 пайызы – балалар. Олардың қоғаммен етене араласуын қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр,–деді Тамара Дүйсенова.
Оның негізгілеріне біріншіден мүгедектікті белгілеу қажет.
– Қазіргі таңда мүгедектікті белгілеуге өтініш білдірген азаматтар мен қоғам тарапынан куәландыру процесінің ашықтығына қатысты шағым өте көп айтылады. Осы проблеманы шешу үшін, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мүгедектікті белгілеудің проактивті немесе «сырттай куәландыру» форматына көшуді бастадық,– деді Т. Дүйсенова.
Азаматтардың денсаулығы туралы мәлімет және осыған байланысты тіршілік қалыбының өзгеруі жөніндегі дәрігердің қорытындысы медициналық ақпарат жүйесіне енгізіледі. Ондағы ақпарат Еңбек министрлігінің Мүгедектігі бар азаматтар туралы орталықтандырылған мәліметтер базасына келіп түседі.
– Бұрын базадан оны әркімнің тұрғылықты жеріне жолдайтынбыз. Енді ешкімнің жеке мәліметін көрсетпей, автоматты түрде үш өңірдің сарапшылар комиссиясына жібереміз. Комиссияның қорытындысы негізінде шешім қабылданып, ол шешім азаматтарға ыңғайлы форматта жолданып жатыр,– деді Тамара Дүйсенова.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек