29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Осы аптада елорданың мәдени мекемелері кез-келген талғам мен жасқа арналған бірқатар іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Астаналықтарды танымдық сағаттар, спектакльдер, премьералар мен концерттер күтіп тұр, – деп хабарлайды El.kz порталы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
22-24 шілде аралығында елордалық қуыршақ театрында «Жаңғырық қалай пайда болды» атты жапон халық ертегісі көрсетіледі. Жас көрерменнің музыкалық театры 18 және 19 шілде күндері сағат 19:00-де «Үнсіздік» перфомансының тұсаукесеріне шақырады. 20 шілде күні кешке МТЖҰ «Шәмші» мюзиклін және «GoDo» комедиялық абсурдын ұсынады. Күндіз «Ғашық-жүрек» музыкалық-поэтикалық спектаклін тамашалауға болады. 22 Шілдеде «ТЕАТР ӘЛЕМІ» концерт-қойылымы, 23 шілдеде «Махаббат бар ма?», 24 шілде – «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы қойылады.
№2 балалар кітапханасында 19 шілде күні «Мың ғаламшардың арасында жерден кереметі жоқ» атты экологиялық сағат, ал №8 балалар кітапханасында «Үлкен табиғаттың кішкентай ғажайыптары» атты экосағат өтеді. 20 шілдеде № 5 балалар кітапханасы» жазды бекер өткізбе – кітапханаға кел!...», осы уақытта №2 бұқаралық кітапханада «Қағаздан қол өнер» шеберлік сыныбы ұйымдастырылады. Сол күні №3 балалар кітапханасында «Нашақорлыққа – жол жоқ» атты тренинг сабағын тамашалауға болады. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 22 шілде күні «Ғашықтық ғаламаты» атты әдеби сағат өткізіледі. Апта бойы 19-23 шілде аралығында №15 бұқаралық кітапханада арт-терапия, шахмат, тоғызқұмалақ, ағылшын тілі бойынша клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді.
Демалыс күндері, 23 және 24 шілдеде сағат 12:00-ден 22:00-ге дейін креативті индустрияларды дамыту орталығы Demalys Promenade алаңында, «Самал» қоғамдық кеңістігі мен қалалық алаңда Creative Summer бағдарламасын ұйымдастырады. Осы уақытта «Бәйтерек» монументінің жанында демалыс күндерінің концерттері өтеді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек