7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?
Суға батып кеткен оқушы қыздардың мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«20 маусым күні Жаңаарқа ауданында Ақтау ауылынан 20 шақырым жердегі су қоймасына 2009 және 2012 жылы туған екі қыз батып кетті. Киіммен табылған қыздардың мәйітін оқиға куәгерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары судан шығарды», - делінген мәліметте.
Қайғылы оқиғаға қатысты облыстық полицияның баспасөз қызметі де түсініктеме берді.
«Бұл іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
21 маусым күні Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен брифингте елімізде шомылу маусымы басталғалы бері суға батып, қайтыс болғандардың статистикасы жарияланған еді. Ведомствоның мәліметінше, бірінші маусымнан бері 36 адам суға кеткен, оның 19-ы балалар.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?