Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰлттық Банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Геосаяси жағдайдың нашарлауынан құбылулар мен тәуекелдер артқанын айтты, деп хабарлайды El.kz
Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, геосаяси жағдайдың нашарлауынан құбылулар мен тәуекелдер артқан.
Осындай жағдайларға байланысты банк қаржы жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету бойынша жедел шараларды қабылдады. Біріншіден, нарықта бұрын-соңды болмаған өзгерістерге толы оқиға кезінде жедел шаралар қаржы нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Біз теңге бағамының шектен тыс ауытқуын шектей отырып, оның инфляцияға ауысуын тежедік. Екіншіден, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және теңгедегі активтерді сақтау үшін теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы қабылданды,- деді Ұлттық банк төрағасы.
Үкімет отырысында Ғалымжан Пірматов нарықтағы құбылмалық, ұлттық қор мен зейнетақы активтерінің ұзақ мерзімді кезеңдегі кірістілігі оң күйінде қалып отырғанын мәлімдеді.
1 шілдеден бастап Ұлттық Банк елдегі төлемдер жүйесін және төлем карточкаларының банкаралық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға қосты. Пайдасы мен шығындарын бақылай отырып, цифрлық теңгені еңгізу шешімі моделін қабылдадық. Қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан бұдан өзге де тәуекелдер де бар, - деді Пірматов.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?