Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарLRT желісінің жобасын іске асыру шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында Сауран мен Ақмешіт көшелерінің қиылыстарында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмыстары аяқталды.
Осыған байланысты, 25 желтоқсаннан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, Қабанбай батыр даңғылынан «Арыс» көпіріне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалыс толығымен қалпына келтіріледі. Қозғалыс әкімшілік полиция басқармасымен келісілген Жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына сәйкес жүзеге асырылады, - делінген CTS баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, эстакаданың құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты, 25 тамыздан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалысқа толығымен, Сығанақ көшесінің бойымен Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде (солтүстік жағы) ішінара шектеу (екі жолақ) енгізілген болатын.
Қазіргі уақытта аталған учаскеде уақытша конструкцияларды бұзу және учаскені тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?