Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанадағы LRT құрылысындағы қаржы жымқыру ісі бойынша халықаралық тергеушілер күдіктілердің бірін тапты. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Kursiv.media таратқан мәлімет бойынша, құқық қорғау органдары күдіктінің нақты кім екенін айтылмаған. Интерпол таратқан мәліметке сәйкес, күдіктілердің біреуі қазіргі таңда Батыс елдерінің бірінде жүрген көрінеді. Бұл туралы прокурор Азамат Ермаханов мәлім етті. Прокурордың айтуынша, экстрадиция бойынша да шаралар атқарылып жатыр.
Аталған ақпаратты прокурор Айжан Аймағанова да өз Instagram парақшасында жариялады. Айта кетейік, Аймағанова Қуандық Бишімбаев ісін жүргізген прокурор.
Еске сала кетсек, елордалық жеңіл рельсті көлік құрылысындағы қаржы жымқыру ісі бойынша тергеу осыдан бес жыл бұрын аяқталған еді. Содан бері негізгі күдіктілер – «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен Астана қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков халықаралық іздеуде жүрген еді. Алайда олардың қайсысы табылғаны әзірге белгісіз.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді