Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБҚО-да «лотерея ұтып алдыңыз» деп тұрғындардың алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Батыс Қазақстан облысында Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері тұрғындарды «лотерея жеңімпазысыз» деп алдап, қаражат иемденген Атырау облысының тұрғынын ұстады. Күдікті өзін лотерея компаниясының өкілі ретінде таныстырып, адамдарды жүлде ұтқанына сендірген.
Алаяқ ұтысты алу үшін белгілі бір соманы алдын ала аудару қажет екенін айтып, тұрғындарды иландырған. Осы алаяқтық әрекеттің салдарынан бес азамат зардап шекті. Олар жүлдеден үміттеніп, өз қаражаттарын аударғанымен, не ұтыс, не ақшалары қайтарылмаған. Күдікті құрбандарын Instagram желісіндегі лотерея туралы жазбалардың астында қалдырылған пікірлер арқылы тауып отырған. Жалпы шығын көлемі 140 мың теңгені құрады.
Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Орал қаласында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция тұрғындарды күмәнді лотереялар мен акцияларға қатыспауға шақырып, сақтық шараларын ұмытпау керектігін ескертеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді