28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЛивиялық белсенділер Газаға гуманитарлық көмек жеткізуді мақсат еткен халықаралық теңіз бастамасы – «Жаһандық Сумуд флоты» акциясына қосылуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл флотқа әртүрлі елдерден жүздеген қатысушы тартылғаны айтылды. Триполидегі «Алжир алаңында» өткен ынтымақтастық акциясы аясында Ливиядан қосылатын «Омар Мухтар флоты» ресми таныстырылды. Флот құрамына бұрынғы премьер-министр Омар әл-Хаси, сондай-ақ араб және шетелдік белсенділер кіреді.
«Анадолу» агенттігіне берген сұхбатында әл-Хаси Ливия флоты «Жаһандық Сумуд флотына» ел аумағына келгеннен кейін қосылатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл келесі аптаның басында немесе соңында жүзеге асуы мүмкін.
Біздің басты талабымыз – Газадағы қоршауды алып тастау. Себебі ол азық-түлік тапшылығын ушықтырып, палестиналықтарды аштыққа душар етті. Біз азық-түлік, дәрі-дәрмек, ауызсу, сондай-ақ қысқы киімдер мен көрпелер жеткіземіз, - деді.
«Жаһандық Сумуд флоты» 44-тен астам мемлекеттің қолдауымен құрылған халықаралық азаматтық гуманитарлық бастама болып отыр. Флот Израильдің Газаны қоршауын бұзуды және Палестина халқына көмек жеткізуді көздейді. 31 тамызда флот құрамындағы кемелер Испанияның Барселона қаласынан жолға шыққан. Сол күні Италияның Генуя қаласынан да 300 тонна гуманитарлық жүк тиеген бірнеше кеме Жерорта теңізіне бет алды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?