Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЛитваның Каунас қаласында өтіп жатқан Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирдің финалына қазақстандық 9 боксшы шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бокс федерациясының мәліметінше, ақтық сынға жолдама алған спортшылар тізімі мынандай:
Айта кетейік, 57 келі салмақ дәрежесінде польшалық Павел Брачпен жұдырықтасқан Асылжан Серікбай төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетәп, финалға қол жеткізді. Ал 60 келі салмақ дәрежесінде Алмат Әбдуәли украиналық Тимур Бобошконы тізе бүктірді.
63,5 келі салмақ дәрежесінде Жандос Қыдырәлиев Әлем чемпионатының қола жүлдегері Риз Линчті жеңді.
67 келіде студенттер арасындағы әлем чемпионы, украиналық Данило Лозанмен кездескен Елнұр Сүйінбай аса тартысты өткен айқаста жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
Альгирдас Шоцикас турнирінің жартылай финалында 71 келідегі Фарух Тоқтасынов украиналық Александр Трофимчукті тізе бүктірді. Әр раунд сайын қарқынын арттырған Фарух үш раундта да қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ.
75 келі салмақ дәрежесінде дода қожайыны Арвидас Дайниспен кездескен Азамат Бектас төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.Ал 80 келі салмақ дәрежесіндегі жерлесіміз Тұрсынбай Құлахмет украиналық Матви Ражбаны еш қиындықсыз жеңді. Үш раундта да екпінін түсірмеген боксшымыз аренаға жиналған көрерменді тік тұрғызардай өнер көрсетті.
92 келі салмақ дәрежесінде украиналық Мыкыто Заценюкпен кездескен Абзал Құттыбеков де төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
Оқи отырыңыз:
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?