Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионаттарының матчында «Үздік ойыншы» атағын сегізінші рет жеңіп алып, рекорд орнатты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Л.Месси 1/8 финалда Аустралиямен өткен бәсекеде шебер өнер көрсетіп, «Үздік ойыншы» атанды.
Ол бұл кездесуде мергендік танытып, есеп ашты. Бұған дейін Месси әлем чемпионаттарында жеті мәрте «Үздік ойыншы» атағына қол жеткізген еді.
Осылайша, Месси сегізінші рет үздік атанып отыр. Бұған дейін ешкім MVP мүсінін сегіз мәрте алған емес.
Биылғы біріншілікте аргентиналық шабуылшы үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ширек финалда Аргентина Нидерланд құрамасымен ойнайды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді