28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАргентина құрамасының және америкалық «Интер Майами» клубының жұлдызды шабуылшысы Лионель Месси әкесі Хорхе Мессимен қоштасу үшін туған қаласы Росариоға келді.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, футболшы сенбі күні кешке Майамиден жеке ұшақпен ұшып келген. Онымен бірге жұбайы Антонелла Рокуццо мен балалары да болған.
Хорхе Мессимен қоштасу рәсімі Росариода тек отбасы мүшелерінің қатысуымен жабық форматта өтеді.
Аргентиналық журналист Эдуардо Фейнманнның мәліметінше, отбасы бұл сәтте барынша құпиялық пен тыныштық сақтауды жөн көрген. Сондықтан спорт ұйымдарының басшылары мен өзге де ресми тұлғалардың рәсімге қатысуы жоспарланбаған.
Хорхе Месси 7 тамыз күні Росариодағы клиникалардың бірінде 68 жасында қайтыс болды. БАҚ мәліметінше, ол ұзақ уақыт бойы сырқатпен күрескен.
Хорхе Месси ұлының футболдағы мансабының қалыптасуына үлкен үлес қосты. Лионель бала кезінде денсаулығына байланысты қымбат ем қабылдауға мұқтаж болған кезде, әкесі оның емделуіне және футболмен кәсіби түрде айналысуын жалғастыруына мүмкіндік іздеді.
Кейін Хорхе Месси ұлының агенті ретінде де қызмет атқарып, оның кәсіби мансабындағы маңызды мәселелермен айналысты. Соған қарамастан, ол көпшілік алдына сирек шығып, БАҚ-қа көп сұхбат бермейтін.
Хорхе Месси Селия Куччиттинимен отбасын құрған. Олардың төрт баласы бар: Лионель, Родриго, Матиас және Мария Соль.
Бұған дейін Хорхе Мессидің денсаулығында күрделі мәселелер болғаны хабарланған еді. Отбасы оның жағдайына байланысты мәлімдеме де жасаған.
2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Лионель Месси командасымен бірге жанкүйерлермен өтетін салтанатты кездесуге бармай, Росариоға, науқас әкесінің жанына асыққаны туралы ақпарат тараған.
Енді футболшы отбасымен бірге әкесін соңғы сапарға шығарып салу үшін Росариоға келді. Қоштасу рәсімі көпшілік пен БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз, тек жақындарының ортасында өтеді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?