29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Әлихан Байменов: Ұлттық дәстүрді жаңғырту – маңызды мүдде екендігін Ұлттық құрылтайда айтты, – деп хабарлайды El.kz.
– Жаһандану сынағына төтеп беру үшін біз жаңа технологияларды игерумен қатар, ұлттық дәстүрлерімізді сақтап, әлемге қазақтың көзімен ұлттық мүдде тұрғысынан қарауға да қол жеткізуіміз қажет. Қазақ тілінде заманауи формада ақпарат, білім, әдебиет көздерін қалыптастыру маңызды. Қазақ тарихында ұлы тұлғалардың образын пайдаланатын компьютерлік ойындарға және комикстерге халықаралық бәйге жариялауды ұсынамын. Қазақ сөзі «көрнекті құрал» дейді. Көмек көлемді, құрал заманауи болуы үшін қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтумен қатара, сөздік қорды жүйелі жаңғырту қажет, - деді Әлихан Байменов.
Мемлекет және қоғам қайраткерінің айтуынша, «Еститін мемлекет» концепциясы толық жұмыс жасау үшін халықтың мұң-мұқтажын, датын билікке арыз-шағымсыз жететін құрылтайдан басқа да жүйелер қажет.
– Барлық салада мемлекеттік тілге мәтін, видео, аудио өнімдерін аударғандарға субсидия беру жүйесін және басқа да шараларды қамтитын ұлттық білім қоры мемлекеттік бағдарламасын қабылдауды ұсынамын, - деді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек