1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіОрхус университетінің ғалымдары сұр түсті лемурдың бағаналы жасушалары зертханалық тышқандарға қарағанда адам жасушаларына әлдеқайда ұқсас екенін анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл приматтар бұлшықет ауруларын емдеуге бағытталған дәрілік препараттарды сынауға өте қолайлы. Зерттеу нәтижелері Nature Communications (NatCom) ғылыми журналында жарияланды.
Мезенхималық стволды жасушалар тіндердің қалпына келуіне қатысады және ағзадағы қабыну процестерін реттейді. Бұл жасушалар адам мен жануарлар организмінде май, сүйек және шеміршек жасушаларына айнала алады. Бұған дейінгі зерттеулер көбіне тышқандарда жүргізілсе де, жаңа деректер лемурлардағы бағаналы жасушалардың бөлінуі баяу жүріп, адам жасушаларына ұқсас әрекет ететінін көрсетті.
Зерттеушілер адам мен лемур жасушаларының ұқсастығын түсіндіретін екі негізгі механизмді анықтады. Біріншіден, бұл жасушаларда бөліну процесіне қажетті спермидин заты аз мөлшерде өндіріледі. Екіншіден, лемур мен адам бұлшықеттерінде май компоненттері кездеседі, ал тышқандарда олар мүлде жоқ. Бұл майдың жиналуына ықпал ететін Complement Factor D ақуызының белсенді өндірілуімен байланысты. Бұлшықет тінінде май жасушаларының артық жиналуы қартаюды жеделдетіп, түрлі патологиялардың дамуына себеп болады.
Ғалымдардың айтуынша, лемурлар адамның бұлшықет жүйесін неғұрлым дәл бейнелей алады. Сонымен қатар, олар тышқандарда мүлде кездеспейтін бұлшықет ауруларының даму механизмдерін зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл – зертханалық тышқандарда тиімді болған емдеу әдістерінің клиникалық тәжірибеде нәтиже бермеу себептерін түсіну үшін аса маңызды.
Зерттеушілер лемурлардың көмегімен бұлшықет дистрофиясы, жасқа байланысты бұлшықет атрофиясы және басқа да ауыр ауруларды емдеуге арналған нақты шешімдерге қол жеткізуге болатынын айтады. Келесі кезең – лемур бұлшықеттеріне бағаналы жасушаларды енгізу әдістерін сынақтан өткізу және тиімді дозаларды анықтау болмақ.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?