23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Әнші Әли Оқапов анасы үш жылдан бері анасы Роза Рымбаева туралы фильм түсіремін деп жүр. Әнші көпшіліктің қарсы шығып, қолдау таппай жүргенін жасырмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол анасына жасалған қастандық, тағдырындағы қилы кезеңдер, шарықтау мен шыңырауға құлау сәттерін киноға айналдырғысы келеді.
Үш жыл қатарынан өтпей қалып жатырмыз. Өйткені эксперттік комиссия мүшелері бар және олардың субъектив көзқарасы бойынша шешім қабылданады. Сол шешімге байланысты қолдау көрсетіледі. Жылдан-жылға шаршамай, сол "Роза" атты папкамды көтеріп, кейбір адамның көзіне күйік болып, бірақ ұсынып жүрмін, - деді Әли Оқапов Revunews бағдарламасында.
Әнші өз дегенінен қайтпай, фильмді түсіруді мақсат етіп қойған.
Осы киноға қарсы шыққан жандар көп. Майталмандар да бар олардың арасында. Олардың өз жоспары бар шығар, біз сол жоспарға сай келмейтін шығармыз деп ойлаймын. Бірақ мен жеңілмеймін, тоқтамаймын. Екі рет анамыз өле жаздаған. Оны көбісі білмейді. Кеңес үкіметінің ыдырауы, 90-жылдар бар, содан кейін менің дүниеге келгенім бар, Мәдидің дүниеге келгені бар, әкеміздің қайтыс болғаны бар, түрлі-түрлі бәсекелестерінің жағымсыз қадамдары бар, жағымсыз кейіпкерлері де бар, оның барлығы өмірден алынған, - деді Әли Оқапов.
Айта кетейік, Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева туралы фильм түсіруге мемлекеттен қолдау сұрағанын жазған едік.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік