Жаңалықтар

Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева туралы фильм түсіруге мемлекеттен қолдау сұрады

Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева туралы фильм түсіруге мемлекеттен қолдау сұрады
Фото: instagram.com/aliokapov 04.10.2023 10:12 1636

Әнші Әли Оқапов пен режиссер Айдын Сахаман әнші Роза Рымбаева туралы биографиялық фильм түсіру үшін мемлекеттен қолдау сұрады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Халқымыз Роза Рымбаеваны әнші ретінде ғана емес, ерекше тағдыр иесі ретінде қабылдайды. Шынында да, ол 80-90 жылдардағы сәтсіз кезеңдерді басынан өткеруге мәжбүр болды, ол күйеуі мен баласынан айырылды. Семейдің ауылынан келіп, сахнаны бағындырды. Оған бүкіл әлем қол соқты, - деді әнші Әли Оқапов.

Ал Айдын Сахаман көпшіліктің көңілінен шыққан "Досмұқасан" фильмнің режиссері болған. Енді Роза Рымбаева туралы фильм түсіргісі келетінін айтты.

Біз сахна сыртындағы өмірдің құпиясын ашып, сол арқылы көрерменді тек шығармашылықпен ғана емес, әйелдің сан қырлы тағдырымен таныстырғымыз келеді. Қарапайым бойжеткен қаншама қиындыққа қарамастан сахна аңызына айналды, - деді Айдын Сахаманов.

Айта кетейік, бұған дейін де Әли Оқапов өзінің анасы,  Қазақстанның Халық әртісі Роза Қуанышқызы жайлы кино түсіру жоспары туралы бөліскен еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға