19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Көлік полицейлері халықаралық рейстің екі жолаушысынан діни мазмұндағы 50-ден астам кітап тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Кувейт – Түркістан» бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін жолаушыларды тексеру кезінде қала әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін Түркістан облысының 34 және 66 жастағы тұрғындарын анықтады.
Тексеру барысында жоғарыда аталған азаматтардан діни мазмұндағы 53 дана кітап тәркіленді.
Ер адамдарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 3-тармағының 1-бөлігі (діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге белгіленген талаптарды бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданған.
Сот қаулысымен құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.
Оқи отырыңыз:
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары