19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Біріккен күрес әлемі (UWW) 2024 жылы Жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілмеген салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионатын өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дүбірлі дода 28-31 қазан аралығында Албания астанасы Тирана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Жарыс сол елде 21-27 қазан аралығында өтетін 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатынан кейін басталады.
Жазғы Олимпиада ойындары бағдарламасына еркін күрестен 61, 70, 79 және 92, әйелдер күресінен 55, 59, 65 және 72 келі салмақ дәрежесі енгізілмеген. Сондай-ақ, Олимпиадада грек-рим күресінен 55, 63, 72 және 82 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар жарысқа қатыса алмайды.
Мұндай әлем чемпионаты ең алғаш рет 2016 жылы өткен болатын. Будапеште өткен сында еркін күрестен отандасымыз Нұрлан Бекжанов 70 келіде күміспен күптелсе, әйелдер арасында Айым Әбділдина 55 келіде қола медальға қол жеткізді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары