Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-министр Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында көше және цифрлық қауіпсіздік мәселелерін көтерді.
Жиын барысында микромобильді көлік құралдарына қатысты жағдай талқыланды. Үкімет басшысы электровелосипедтер мен скутерлерді реттеу мәселесіне ерекше тоқталды.
Біз самокаттар мәселесін шешіп жатырмыз. Ал электровелосипедтер мен скутерлер бойынша жағдай қалай? – деп сұрады Олжас Бектенов.
Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің айтуынша, электровелосипедтер заң жүзінде мопедтерге теңестіріледі.
Қазіргі таңда оларға мопедтерге қойылатын талаптар қолданылады. Яғни оларды қай жерде жүргізуге болатыны және міндетті түрде жүргізуші куәлігінің болуы қарастырылған. Бұл мәселе толықтай заңнамалық тұрғыда реттеліп жатыр, – деді министр.
Премьер-министр азаматтар тарапынан келіп түсіп жатқан сын-ескертпелерге де назар аударды. Әсіресе тротуарларда жүретін курьерлер мәселесі жиі көтерілетінін айтты.
Тротуармен жүретін курьерлерге қатысты шағымдар түсіп жатыр. Бұл бағытта тәртіп орнату қажет, – деп атап өтті ол.
Отырыста интернет-алаяқтық мәселесі де кеңінен қаралды. Үкімет басшысы киберқылмысқа қарсы күресті күшейтудің маңызын ерекше атап өтті.
Киберқылмыскерлер көбіне заманауи цифрлық технологияларды жедел пайдаланады. Интернет-алаяқтыққа қарсы неғұрлым тиімді шаралар қажет. Ішкі істер министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, алаяқтық транзакцияларды бұғаттау тетіктері мен жалған колл-орталықтарды анықтау үшін деректер алмасуды жетілдіру бойынша қосымша ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Сондай-ақ «Цифрлық полицей» жобасын жеделдетіп, киберволонтерлік тәжірибені кеңейту және мамандар даярлауды күшейту қажет, – деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар жиын қорытындысы бойынша «Еуропа кеңесінің киберқылмыстар туралы конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобасын келісу жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтау тапсырылды.
Осылайша, Үкімет қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көше қозғалысынан бастап цифрлық кеңістікке дейінгі барлық бағытта бақылауды күшейтуді көздеп отыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?