Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әрінов су тасқыны кезінде көмек қолын созған еріктілер саны көп болғанын айтты.
Сол сәтте кімнің шын ниетпен, кімнің басқа оймен көмектескенін білген жоқпыз. Біздің міндетіміз гуманитарлық көмекті зардап шеккен аймақтарға жеткізу болды. Перизат Қайратты кіргізгеніміз есімде жоқ. Бастысы, гуманитарлық көмек уақытында жеткізілді, - деді министр.
Ведомство басшысы Перизат Қайраттың ұсталуы күтпеген жағдай болғанын жасырмады.
Мен үшін күтпеген жайт болды. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр, сондықтан пікір білдіре алмаймын, - деді Әрінов.
Айта кетейік, аталған қайырымдылық қорының басшысы 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Көп ұзамай оған тағы 200 млн теңгені жымқырды деген айып тағылды.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді