Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕнді күндіз көлігінің жарық шамын қоспаған жүргізушілерге айыппұл салынбайды. Бұл талапты сақтау – міндетті емес, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дыбыс сигналын пайдалану қағидаларын бұзғандар да жауапқа тартылмайды. Тек ескертумен шектеледі, делінген 31 арна таратқан мәліметте.
Қазір Мәжіліс депутаттары «Жол жүрісі туралы» заңды қарап жатыр. Соның аясында құжатқа бірқатар өзгерістер енгізілмек. Соның бірі осы қала аумағында көліктің жарық шамдарын жағып жүруге қатысты болып отыр. Бұрын бұл ережені сақтамағандар 3 айлық есептік көрсеткіш демек, 11 076 теңге көлемінде айыппұл арқалайтын. Бұдан былай тек ескерту беріледі. Ал трассаға қатысты бұрынғы талаптар өз күшінде қалады.
Депутат Сергей Пономарев әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңа редакциясында денсаулыққа зиян келмеген жол көлік оқиғасы үшін жүргізуші куәлігінен айырылмайтынын айтты. Айтуынша, автотұрақ ақысын төлемегендер де жауапкершіліктен босатылады.
Сонымен қатар, заңға сәйкес, рұқсат етілген жылдамдықты 60 шақырымнан асырған көлік жүргізушілеріне жаза қатаңдатылғалы отыр. Оларға 40 айлық есептік көрсеткіш, демек 147 680 теңге мөлшерінде айыппұл салу көзделген.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?