22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыDailyMail басылымы жариялаған зерттеу нәтижелері биыл АҚШ аумағында тіркелген жойқын дауылдардың пайда болуына заманауи технологиялар, соның ішінде iPhone сияқты смартфондар әсер етуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мамандардың айтуынша, мобильді құрылғылардың өндірісі мен пайдалануы жыл сайын атмосфераға шамамен 580 миллион тонна көмірқышқыл газының бөлінуіне әкеледі. Бұл көрсеткіш бүкіл әуе тасымалы саласынан шығатын зиянды газдардан да көп. Осындай көлемдегі парниктік газдар мұхиттардың қызуына ықпал етіп, қуатты дауылдардың қалыптасуына жағдай жасайды. Соның салдарынан, мысалы, қазан айында соққан «Милтон» дауылы Флорида штатында миллиондаған тұрғынды жарықсыз қалдырған болатын.
Ғалымдар атап өткендей, смартфон өндірісінің әрбір кезеңі шикізатты өндіруден бастап, құрылғыны утилизациялауға дейін орасан зор энергияны қажет етеді және атмосфераға мол көлемде зиянды қалдықтар бөледі. Бір ғана телефонды жасау барысында шамамен 180 фунт көмірқышқыл газы шығарылады, бұл - жарты жыл көлік айдауға тең.
Сонымен қатар, смартфондарды күнделікті қуаттау мен қолдану, сондай-ақ қалдықтарын дұрыс жоймау да қоршаған ортаға қосымша зиян келтіреді.
Зерттеушілердің айтуынша, батарея құрамындағы улы заттар тұрмыстық қалдықтармен бірге топыраққа түсіп, жер мен суды ластайды. Бұл жағдай ғаламдық жылыну процесін күшейтіп, соның салдарынан урагандар мен су тасқындарының жиілеуіне әкелуі мүмкін.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев