10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыQazAvtoJol күн райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, Ақмола облысында сағат 20.30-дан бастап «Көкшетау – Атбасар» трассасында көліктің барлық түріне қозғалысқа тыйым салынды.
Сондай-ақ сағат 22.00-ден «Астана – Көкшетау» автожолында («Астана – Щучинск – Көкшетау») шектеу енгізу жоспарланып отыр.
QazAvtoJol-дан мәлім еткендей, күн райының нашарлауына байланысты Ақмола облысының жол мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қазіргі уақытта 30 арнайы техника жұмылдырылған.
Жол қозғалысына қатысты қандай да бір сұрақпен тәулік бойы 1403 нөміріне хабарласуға болады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді