Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікКүлкі адам ағзасына оң әсер етеді: иммундық жүйені нығайтып, психикалық саулықты жақсартады және ауырсынуды жеңілдетеді. Бұл туралы америкалық Mayo Clinic клиникасының дәрігерлері мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Publimetro басылымына сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, күлкі кезінде жүйке ұштары мен бұлшықеттердегі электрлік белсенділік артып, миға жеткенде эндорфин бөлінеді. Эндорфин – табиғи жолмен ауырсынуды бәсеңдететін нейропептид. Ол ағзада жайлылық пен қанағат сезімін қалыптастырып, жалпы жағдайды жақсартады.
Күлкі өкпеге оттегінің көптеп түсуіне ықпал етеді, жүрек пен бұлшықет қызметін жандандырады. Сонымен қатар, қан айналымын жақсартып, бұлшықеттерді босаңсытады. Стресті азайтып, көңіл-күйді көтереді, жүрек соғысы мен қан қысымын тұрақтандырады.
Дәрігерлердің мәліметінше, тұрақты түрде күлу иммундық жүйені күшейтеді. Теріс эмоциялар ағзаның қорғаныс механизмдерін әлсірететін химиялық реакцияларды тудырады. Ал позитивті көңіл-күй, керісінше, стреске қарсы тұратын және аурулар қаупін төмендететін қосылыстардың бөлінуіне ықпал етеді.
Сондай-ақ, күлкі табиғи анальгетик ретінде ауырсынуды азайтады және психикалық саулыққа оң әсер етеді. Зерттеулерге сүйенсек, ашық-жарқын адамдар өзін сенімді ұстайды, әлеуметтік ортада тез байланыс орнатады және кәсіби ортаға жеңіл бейімделеді.
Бұған дейін күлкі адам өмірін ұзартатыны туралы жазғна едік.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер