22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАлматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев ісіне қатысты алып-қашып әңгімелер көбейіп кетті. Екінші ұлы Арман Мырзақұлов әкесі өзі берілгенін айтқан. Енді Бас прокуратура ол ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
БАҚ және әлеуметтік желілерде Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың Қазақстанға ерікті түрде оралуы туралы мәліметтер таратылады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - делінген хабарламада.
Аталмыш орган 2023 жылдың наурыз айында Күдебаев "ешқайда кетпеу туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасын бұзып, сот отырысына келмегенін еске салды, Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.
Кейіннен оның мемлекеттік шекарадан заңсыз өтіп, Қырғыз Республикасының Бішкек қаласындағы халықаралық әуежайдан Түркияның Стамбұл қаласына ұшып кеткені анықталды.Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша (ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігі) арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Өз кезегінде Қырғыз тарапы да осындай қылмыстық істі тергеп жатыр, – деп мәлім етті Бас прокуратура.
Хабарламаға сүйенсек, генералды ұстау және елге қайтару үшін құқық қорғау және арнайы органдар шетелдік серіктестерімен бірлесіп біраз тер төккен.
Интерпол күштері қосылды, Түркия Республикасының Әділет министрлігіне оны экстрадициялау бойынша материалдар жіберілді. С.Күдебаевтың өз бетінше отанына оралғысы келмегенін атап өтеміз, өйткені алынған мәліметтер бойынша ол Түркияда тұруға ықтиярхатты рәсімдеуге құжаттар тапсырған. Алайда шетелдік әріптестердің көмегімен ол Түрік Республикасының аумағында ұсталып, Қазақстанға жеткізілді, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің елге өзі оралғанын айтқан.
Қазіргі кезде Талдықорғанда соты өтіп жатыр.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев