30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстандық жас дзюдошы Фатима Сұпығалиеваның кадеттер арасындағы әлем чемпионатындағы жеңісі кездейсоқ нәтиже емес. Дзюдодан Қазақстан кадеттер құрамасының аға жаттықтырушысы Мейірлан Баймаханбетов спортшының бала кезінен татамиге жақын ортада өскенін және ересектер құрамасымен бірге тұрақты дайындалғанын айтты. Бұл туралы ол ElSport YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Бапкердің сөзінше, Фатима спорттық отбасында тәрбиеленген. Оның әкесі Алтынбек Сұпығалиев дзюдомен айналысып, спортта жақсы нәтижелерге жеткен тәжірибелі балуан. Ал әкесінің туған ағасы Қазбек те күреспен шұғылданған.
Фатима көзін ашқалы татамидің үстінде ойнап өсті деуге болады. Өйткені оның әкесі Алтынбек Сұпығалиев дзюдомен айналысып, спортта жақсы жетістіктерге жеткен тәжірибелі балуан болған. Алтынбектің туған ағасы Қазбек те күреспен айналысқан. Жалпы айтқанда, олардың отбасы – дзюдоға етене жақын, спорттық әулет. Сондықтан Фатиманың әлем чемпионы атануы – осы отбасы үшін үлкен жетістік әрі заңды нәтиже деп ойлаймын, – деді Мейірлан Баймаханбетов.
Сонымен қатар Фатима әлем чемпионатына дейін ересектер құрамасының оқу-жаттығу жиындарына қатысып, тәжірибелі спортшылармен бірге дайындалған. Ол Астанада өткен Grand Slam турнирінде де ересектер арасында белдескен. Аға жаттықтырушының айтуынша, қазір жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамасы бірыңғай бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Бұл жас спортшыларға тәжірибелі дзюдошылармен бірге жаттығып, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді.
Фатима жастармен де, ересектермен де бірге жұмыс істейді. Қазір Париж Олимпиадасынан кейін жаңа бағдарлама, жаңа әдістеме енгізіліп жатыр. Бұл әдістеме тек жасөспірімдер құрамасына ғана емес, жалпы жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамаларына ортақ. Сондықтан барлығымыз бір бағдарламамен жұмыс істейміз. Жастардың ересектер құрамасына барып жаттығуына немесе жасөспірімдердің жастармен, ересектермен бірге дайындалуына ешқандай кедергі жоқ. Барлығына есік ашық, – деді ол.
Айта кетейік, 16 жастағы Фатима Сұпығалиева биыл Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Осылайша Фатима Сұпығалиева Қазақстан тарихында қыздар арасында дзюдодан әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы болды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды