Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАлматыдағы автобус апатынан қаза тапқан Айдос Әлменбаевтің әкесі ұлы көп адамның өмірін құтқарып қалғанына сенімді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
КТК арнасына сұхбат берген қарт әкесі оның отбасының жалғыз асыраушысы болғанын айтады. Ол микроавтобус айдап, күнделікті нәпақасын тауып жүрген. Апат болған күні Райымбек даңғылының бойындағы аялдамаға тоқтап бой жазбақ болады. Көліктен түсе бергенінде қоғамдық көлік қағып, жаншып өткен.
Егер баламның автобусы тұрмағанда қанша адам қырылатынын білмеймін. Сол баламның спринтері қанша өмірді сақтап қалды. Көзі шығып кеткен. Жарты басы жоқ. Қолы сынған. Денесінің сау жері жоқ, - дейді.
Марқұмның денесін тану оңай болмапты. Жұбайы Айнұр Құсайынова да қайтыс болған күйеуінің денесін әрең танығанын айтады. Айдостың артында үш қызы қалған.
Қара жамылған отбасы апатқа автобус жүргізушісінің тікелей қатысы барын айтады. Әйелдің де жауапқа тартылуын талап етіп отыр.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды