Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚарағандыда Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Айыпталушылар орындығында шахта басшылары мен инженерлік-техникалық қызмет өкілдері бар он адам отырды. Олардың тоғызы қамауда, біреуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
Күдіктілерге қылмыстық кодекстің «екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша айып тағылған.
Сот олардың кінәсін дәлелдеп, мынадай жаза тағайындады:
шахта директоры Сергей Мустивко – 8 жыл бас бостандығынан айыру;
шахтаның өндіріс жөніндегі директорының орынбасары Вадим Ерёмин – 7 жыл;
бас инженер Николай Грознов – 7 жыл;
№6 учаске бастығы Виктор Коптенков – 7 жыл;
техникалық қызметтің қазба жұмыстары жөніндегі бас инженерінің орынбасары Владимир Гонноченко – 6 жыл 6 ай;
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі бас инженердің орынбасары Дмитрий Федоренко – 6 жыл;
бас механик Дмитрий Коцар – 6 жыл;
шаң мен жарылысқа қарсы қорғау жөніндегі учаске бастығының көмекшісі Виталий Пестряк – 6 жыл;
конвейерлік көлік учаскесінің бастығы Төлеген Ғабдушев – 5 жыл;
желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің бастығы Владимир Шишканов – 5 жыл.
Бұл істі Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан ауданының №2 сотының судьясы Бахтияр Ақанов қарады. Іс материалдары 108 томнан тұрады. Жәбірленуші тарап болып 74 адам танылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары