18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының «Алау» мұз айдыны кешенінде өтіп жатқан сайыстары аяқталып келеді. Бүгін, арқан тартыс және асық атудан мықтылар анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Асық ату мен бес асық сайысында Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанды. Асық атудан ерлер командасы финалдық кезеңде Қырғызстан құрамасымен кездесіп, қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түсті.
Ал, бес асықтан қыздар құрамасы алтын жүлдені Ресейлік асықшылармен сарапқа салды. Отандық спортшылар қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Бір қызығы, асық ату мен бес асық сайысынан ұлттық құрамамыз жарысты жеңіліссіз аяқтады.
Бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды. Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңде Қырғызстан, Мажарстан, Швеция және Румыния құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын. А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан қыздар құрамасы Ресеймен бақ сынасты. Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық спортшылар қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Арқан тартыстан өкінішке қарай, ерлер мен әйелдер құрамасы ақтық кезеңде көршілес Ресей мемлекетіне есе жіберді. Жалпы, арқан тартыстан сайыс екі санатқа бөлініп, ұйымдастырылды. Спортшылар ерлер арасында 720 келі және қыздар арасында 560 келі салмақ дәрежелерінде сынға түсті.
Суреттер: ©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр