10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодар облысында полиция кішкентай бүлдіршіннің ата-анасын іздеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
6 сәуірде сағат 18:06-да Павлодар полициясына Әлкей Марғұлан, 104 үйдің жанында кішкентай ұл бала табылғаны туралы шақырту келіп түсті. Баланың жасы шамамен 5 жаста, оның аты Али немесе Алишка. Бүлдіршін ата-аналарының деректері мен тұрғылықты мекенжайын білмейді.
Полиция баламен бірге жақын маңдағы аулалар мен үйлерді аралап шықты, алайда ата-аналар мен тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмады. Бағдарлар жасалып, жақын аймақтарға жіберілді, - делінген мәліметте.
Баланың белгілері: орташа дене бітімі, бойы 108 см, салмағы 18 кг.
Киімі: көк қалпақ, көк - сары түсті маталары бар қара түсті күртеше, қара түсті трико. Бала жуас.
Ерекше белгілер: бала кекештеніп сөйлейді.
Қазіргі уақытта бала өңірлік балаларды қолдау орталығы КММ-не орналастырылды.
Егер сіз баланы білсеңіз немесе оның туыстары туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, 102 телефоны немесе Instagram @dp_pavlodar дайрегі арқылы хабарлауды сұраймыз, - деп қосты полиция.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді