Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМәскеу маңындағы Подольск қаласында 57 жастағы Василий Петров түнде шулаған жастарға ашуланып, өз қолымен жасаған пулеметпен көшеге шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Теміржол көшесінде орын алған. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлайды.
Оқиға сәрсенбіге қараған түні болған. Ашынған ер адам балалар алаңында шулап тұрған топқа қарумен келген. Алдымен ол ауаны көздеп оқ атқан, кейін жастар оның қаруын тартып алмақ болғанда, оқ кездейсоқ 36 жастағы Екатерина К. есімді әйелдің кеудесіне тиді. Әйел жедел жәрдем келгенше оқиға орнында жан тапсырды.
Күдікті Василий Петров оқиға орнында ұсталып, оған ҚК 105-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша айып тағылды. Қазір қылмыстық істі Мәскеу облысының тергеу комитеті қарап жатыр. Сондай-ақ іс прокуратура бақылауына алынған.
Оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер