Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіШығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны көршісінен өш алмақ болып басқа біреудің үйін өртеп жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шемонаиха аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғыны өз үйінің аумағындағы шаруашылық қораның өртенгені туралы хабарлаған. Аталған факті бойынша «Өзгенің мүлкін қасақана өртеу арқылы жою немесе бүлдіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында 27 жастағы ауыл тұрғынының көршісімен болған араздықтың салдарынан оның мүлкін әдейі өртемек болғаны анықталған. Ол өзімен бірге жанармай толтырылған пластикалық бөтелкені алып, шаруашылық құрылыстың ағаш қабырғасын өртеген. Алайда кейін ол мекенжайды шатастырып, басқа көршісінің қорасын өртеп жібергенін түсінген.
Өрттің салдарынан 7 миллион теңгеден астам шығын келтірілді. Тілсіз жау 10-нан астам үй жануарының өліміне себеп болды. 20 тонна шөп, 5 тонна мал азығы және шаруашылық техникасы толығымен жойылған. Қазіргі уақытта қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады,-деп атап өтті облыстық полициядан.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады