Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКөркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Лола Әділбекова тағайындалды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Лола Исламқұлқызы Әділбекова – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионаттарының қатысушысы және 2002 жылғы Азия ойындарының командалық есебінде күміс жүлдегері.
Әділбекова бапкерлік қызметін 2010 жылы Шымкент қаласында бастаған. Соңғы жылдары ол Шымкент қаласының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды. 2018 жылы оған «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.
Лола Әділбекова қызмет жолында халықаралық аренада Қазақстан атынан өнер көрсеткен бірқатар талантты спортшыны дайындады. Олардың қатарында: Азия чемпионы және Азия ойындарының командалық жарыстарының жеңімпазы Даяна Әбдірбекова, жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың қатысушысы Роза Әбитова, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалисі Эльжана Таниева, 2023 жылғы Азия ойындарының командалық жарысында күміс жүлдегер атанған және жекелей көпсайыста қола медаль иеленген Милана Парфилова бар.
Айта кетейік, Лола Әділбекова бұл қызметке гимнастика федерациясының президенті ретінде жұмысын жалғастыруды жөн көріп, бас бапкер лауазымынан кеткен Әлия Юсупованың орнына келді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді