20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОңтүстік Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэсик Ким мырза Ақтөбедегі Достық үйінде өңірдегі корей этносының өкілдерімен кездесті.
«Ақтөбе облысы кәрістер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы К. Цхай корей делегациясын сан ұлт пен ұлысты бір шаңырақтың астына біріктірген Достық үйімен, ондағы корей этномәдени бірлестігінің тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Бұдан әрі жүздесу дөңгелек үстел шеңберінде жалғасып, Ким мырза ақтөбелік кәрістермен емін-еркін түрде сұқбаттасты.
«Алдымен тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ жеріне жер аударылған ата-бабаларымызды сыртқа теппей, құшағын кең жайып қарсы алған қазақ бауырларыма алғыс айтамын. Бүгінде Қазақстандағы корей этносының өкілдері тату-тәтті, бейбіт күн кешіп жатыр. Мұның барлығы тәуелсіз елде барлық ұлттың мүддесін тең ұстап, Қазақстан халқы Ассамблеясы деген теңдессіз бірлестікті құрған ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаевтың сүбелі еңбегі деп білемін», - деп атап өтті Елші.
Өз кезегінде «Қоғамдық келісім» КММ директоры Н. Ағниязов Кореяның Қазақстандағы Өкілетті Елшісіне қазақтың ұлттық домбырасы бейнеленген қолөнер туындыны сыйға тартып, алғысын білдірді.
Одан әрі кездесу облыстық корей ЭМБ-нің шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?