Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ алаңында ұлттық компанияның басшылығы «Nexstar Engineering Co. Ltd.» компанияның директоры Сунг Чу Енмен және «KSTN Co., Ltd.» компанияның басшысы Ги Ли Буммен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында тараптар Маңғыстау облысында жаңа мұнай-химия кешенін салу мүмкіндіктерін талқылады. Жобаны іске асыру шеңберінде корей тарапының инвестициялар сомасы 10 млрд еуродан асуы мүмкін.
«KAZAKH INVEST» өкілдері әлеуетті әріптестеріне ұлттық компанияның қызметі, Қазақстандағы жұмыстың артықшылықтары, елдің қолайлы іскерлік ахуалы және инвестициялық жобаларды іске асыруда мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Қазақстандық тарап мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектормен қажетті келіссөздерді ұйымдастыруды қоса алғанда, Қазақстандағы жобаға толық қолдау көрсетуге ниетті.
Өз кезегінде Сунг Чу Ен мен Ги Ли Бум Қазақстанда мұнай-химия кешенін салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруға дайын екендіктерін білдірді. Олардың жоспарларына сәйкес мұнай-химия өнімдерін өндіру экспортқа да, елдің ішкі нарығына да бағытталатын болады. Корей инвесторлары сонымен қатар Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Еуропа елдеріне дайын өнімді экспорттау үшін 5000 тонналық танкерлер өндірісін ұйымдастыру үшін кеме жасау зауытын салуға ниет білдірді.
«Nexstar Engineering Co., Ltd.» инновациялық шешімдер мен қызметтерді ұсынатын ірі кореялық мұнай-химия компаниясы болып табылады. «KAZAKH INVEST» және «Nexstar Engineering Co., Ltd.» инвестициялық-экономикалық әріптестікті нығайтуға және перспективалы жобаларды іске асыруда ынтымақтасуға келісті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?