19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйлердің жанынан өрт сөндіру техникасына арналған арнайы алаңдар ұйымдастыруды көздейтін жаңа құрылыс талаптары күшіне енді. Алғашқы осындай алаң 21 қарашада Астанадағы «Гранд Алатау» тұрғын үй кешенінің аумағында таныстырылды.
Арнайы алаңның таныстырылымына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов қатысты.
Жаңа талаптардың басты мақсаты – төтенше жағдай кезінде өрт сөндіру автосатылары мен автокөтергіштерінің тұрғын үйлерге кедергісіз жақындауын қамтамасыз ету. Бұл әсіресе көпқабатты ғимараттардың жоғарғы қабаттарында қалған адамдарды құтқару кезінде маңызды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тұрғын үйлердің биіктігіне байланысты өрт сөндіру техникасының орналасуына қойылатын нақты талаптар белгіленген.
Атап айтқанда:
Биіктігі 10 метрден 28 метрге дейінгі ғимараттарда өрт сөндіру жолының шетінен ғимарат қабырғасына дейінгі арақашықтық 5–8 метр болуы тиіс.
Биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарда бұл арақашықтық 8-10 метрді құрауы қажет.
Арнайы алаңдардың жол жабыны ауыр өрт сөндіру техникасының салмағына төтеп беруі керек.
Өрт сөндіру көліктері орналасатын аумақтарда ешқандай кедергі болмауы тиіс.
Министрлік мамандарының айтуынша, тұрғын үйлердің ауласында ретсіз қойылған автокөліктер өрт сөндірушілердің жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді. Мұндай жағдайда құтқарушылар қажетті орынға уақытында жете алмай, адам өміріне қауіп төнуі мүмкін.
Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігі бұрын салынған тұрғын үй кешендерінде де осындай алаңдарды ұйымдастыру мәселесі бойынша пәтер иелері кооперативтерімен (ПИК) және мүлік иелерінің бірлестіктерімен (МИБ) түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Негізгі назар өрт сөндіру техникасының еркін қозғалуына жағдай жасауға, арнайы жол белгілері мен таңбаларын орнатуға, сондай-ақ белгіленген орындарға автокөлік қоюға жол бермеуге аударылып отыр.
Арнайы алаңдарға көлік қойған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабына сәйкес, көлік құралдарын тоқтату және тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін айыппұл қарастырылған. Оның мөлшері құқық бұзушылықтың сипаты мен қайталануына байланысты белгіленеді.
Еске сала кетейік, биыл 12 сәуірге қараған түні Астананың Есіл ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде қайғылы өрт болды. 15-қабаттағы пәтерден үш кәмелетке толмаған баланың денесі табылып, олардың анасы үшінші дәрежелі күйік алды.
Оқиға кезінде өрт сөндіру техникасының өтуіне кедергі келтірген автокөлік жүргізушісіне айыппұл салынды.
Осы жағдайдан кейін депутаттар төтенше жағдайлар қызметкерлеріне құтқару жұмыстарына кедергі келтіретін көліктерді, қажет болған жағдайда, зақымдау арқылы жолды босатуға рұқсат беруді ұсынған болатын.
Алайда Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай бастаманы қолдамайтынын мәлімдеді. Ведомство өкілдері құтқарушылардың басты міндеті адамдардың өмірін сақтау және өртті сөндіру екенін, ал өзгенің мүлкін зақымдау заңда көзделмегенін атап өтті.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды, ПИК пен МИБ өкілдерін көпқабатты үйлердің кіреберіс жолдарын бос ұстауға және өрт сөндіру техникасына арналған арнайы алаңдарды автотұрақ ретінде пайдаланбауға шақырды.
«Ғимарат маңындағы әрбір метр бос кеңістік адам өмірін құтқаруда шешуші рөл атқаруы мүмкін», – деп атап өтті ведомство.
Мамандардың пікірінше, арнайы алаңдарды ұйымдастыру өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуіне мүмкіндік беріп, көпқабатты тұрғын үйлердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары