Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚР Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев премьер-министр Олжас Бектеновке қарғын су қара шаңырағын ағызып әкеткен ағайынның арызын жеткізіп, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттың сөзінше, қызыл су арнасынан адасып аққанда қыларға амал таппаған адамдар топан судың беті қайтқанда далада қаңғырып қаламыз ба деп қорқып жүр.
Алпыс күн тасыған су, алты күнде қайтқанмен қияметін қайтарып әкетпейді деп 2 апта бұрын дәл осы мінберден айтқаным да сол еді. Жерінің 800 шақырымынан Жайық өзені ағып өтетін Батыс Қазақстан облысындағы ағайынның ахуалы қазір арқамды аяздай қарып барады. Сәт сайын сан құбылған сандарға назар салсақ Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан 1 292 тұрғын үйге зақым келген. Соның 116-сы – Қаратөбе, 243-і – Сырым, 218-і – Бөрлі, 649-ы – Теректі, 43-і – Бәйтерек, 6-уы – Тасқала ауданында, ал 17 үй Орал қаласында орналасқан. Су астында қалған үйдің сыз тартатыны, қабырғасы көгеріп көпшілікті күркілдеген жөтелге душар қылатыны сараптамасыз-ақ саналы адам түсінетін дүние, - дейді депутат.
Оның мәліметінше, Деркөл, Шаған және Жайық өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан 14 839 саяжай учаскесін су басқан.
Оның 14 466-сы – Орал қаласында, 112-сі – Бәйтерек, 245-і – Бөрлі, 16-сы Теректі аудандарында орналасқан. Ол жақта мыңдаған адам тұрады. Саяжай дегенің қазақ үшін демалыс күндерін өткізетін емес, тұрақты тұратын орынға айналғалы қашан. Соның өтемақысына қатысты түсініспестік әлі тоқтамай тұр. Өйткені, ағынды судың астында қалған саяжай иесіне қанша ақша беріледі немесе қашан, қай жерден басқа үй ұсынылады? Бұл деректер әзірге орталықтандырылмаған. Ақпарат жұртқа жедел жетуі шарт, - деді ол.
Депутат қарғын судың салдарынан қара шаңырақсыз қалған азаматтардың заңды талаптарын уақтылы орындау қажет екенін айтады. Себебі Мемлекет басшысы айтқандай «салаға жауапты шенділер жауапкершілік алудан қашып жүргенде» ел қақаған қыста қатып қалады.
Нартай Сәрсенғалиевтың ұсыныс-талаптары:
Оның ішінде:
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова