Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТанымал әнші Төреғали Төреәлі денсаулығына байланысты концерттерін уақытша тоқтатқан болатын. Осыған орай жанкүйерлері оның жағдайына алаңдап, амандығын тілеп, түрлі пікірлер қалдырған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жуырда әнші әлеуметтік желі арқылы халыққа үндеу жасап, видео жариялады. Ол өз жазбасында ораза ұстап жүрген жандарға сәлем жолдап, барша мұсылман қауымына дұға тіледі.
Ассаламағалейкум, ардақты ағайын, құрметті достар! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Алладан екі дүниенің бақытын тілейміз. Бақытты болыңыздар! – деді Төреғали Төреәлі видеода.
Әншінің бұл видеосы көпшіліктің ықыласына бөленіп, жанкүйерлері оған жылы лебіздерін білдірді. Олар Төреғалидің саулығын тілеп, тезірек сахнаға оралуын күтіп жүргендерін жазды.
Еске салсақ, Төреғали Төреәлі бірнеше күн бұрын денсаулығына байланысты концерттік сапарларын уақытша тоқтатқаны белгілі болған еді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді