Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖамбыл облысында мұғалімдердің концерт билеттерін мәжбүрлі түрде сатып алуына қатысты тексеру аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің мәліметінше, концертке билеттерді сатып алуды білім бөлімінің бас маманынан Қордай ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы сұраған. Ал ол өз кезегінде билеттерді мектеп директорларына таратқан.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабы 7-3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қордай ауданы әкімі аппаратының бас инспекторына, білім бөлімінің бас маманына және бірнеше мектеп директорына ескерту түріндегі тәртіптік шара қолданылды. Сонымен қатар, осындай заңбұзушылықтардың қайталануына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Еске салайық, 17 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданында билеті өтпей жатқан әншінің концертіне мұғалімдерден мәжбүрлі түрде ақша жиналғаны хабарланған болатын. Бұл жағдайға қатысты оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы пікір білдірді. Министрліктің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті аталған мәселе бойынша тексеру жүргізетінін мәлімдеген.
Бұл жайт қоғамда резонанс тудырып, мұғалімдердің қосымша қаржылық жүктемеге ұшырау мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді