Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАстанада 13-15 қазан аралығында конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.
Ел біріншілігіне 9 өңірден 100-ге жуық сырғышы қатысады. Бірінші жарыс күнінде ерлер мен әйелдер 500, 3000 және 5000 метрде, сондай-ақ командалық спринтте өнер көрсетті. Қыздардан қысқа қашықтықта 30-дан астам спортшы бақ сынады.
500 метр қашықтық
Ерлер арасында 500 метр қашықтықта Евгений Кошкин 35,20 секунд нәтижесімен жеңімпаз атанды. Артур Галиев 35,39 секунд көрсеткішімен күміс медаль иеленсе, Никита Важенин 36,04 секунд нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.
Осы қашықтықтағы әйелдер бәсекесінде Кристина Силаева (38,28 секунд) топ жарды. Кристина Шумекова 38,822 секунд нәтижесімен екінші орын алса, Алина Дауранова (39,34 секунд) қола жүлдеге қол жеткізді.
Шумекова топ жарды
Кристина Шумекова 3000 метр қашықтықта да алдына жан салмады. Ол бұл бәсекеде 4 минут 14,93 секунд нәтижесін тіркеп, Қазақстан чемпионы атанды. Елизавета Голубева (4:16,35) күміс жүлдеге ие болса, Диана Бачурина (4:45,04) қола медаль жеңіп алды.
Ерлер арасындағы 5000 метр қашықтықта Вадим Якубовский 6 минут 41,19 секунд нәтижесімен чемпион атанды. Андрей Зуев (6:55,56) екінші орынға тұрақтаса, Абылайхан Қайырғазы (6:58,19) үздік үштіктен көрінді.
Командалық спринт
Әйелдер арасындағы командалық спринтте Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы 1 минут 34,14 секунд нәтижесімен жеңіске жетті. Астана командасы (1:35,09) күміс, Павлодар облысының құрамасы (1:35,91) қола жүлде иеленді.
Ерлер арасындағы командалық спринтте Қостанай облысының конькишілері 1 минут 24,10 секунд нәтижесімен үздік шықты. Астана құрамасы (1:24,59) екінші орын алса, Алматы қаласының командасы (1:27,03) үшінші сатыға жайғасты.
Айта кетерлігі, Қазақстан чемпионаты 15 қазанға дейін жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша алдағы Әлем кубогы кезеңдерінде ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталады.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді