29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Еліміздің бірқатар өңірлерінде мамыр айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы шамамен 4,3 млрд теңгеге төмендетілген тарифтер бекітілді, деп хабарлайды El.kz Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополиялар субъектісі жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептер беруге міндетті.
Бүгінгі күні есептерді қарау нәтижелері бойынша 30 ТМС бойынша міндеттемелердің орындалмағаны анықталды, оның ішінде «Астана-Энергия» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Талдықорғантеплосервис» КМК сияқты ірі монополист субъектілер және басқалары бар. Нәтижесінде, еліміздің 7 өңірінде (Нұр-Сұлтан, Алматы облысы, ШҚО, Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы) жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау және кірме жолдарды ұсыну сияқты қызметтер бойынша жалпы сомасы шамамен 4,3 млрд теңгеге уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.
Жылумен жабдықтау - 17%, сумен жабдықтау - 7,4%, су бұру - 3%, электрмен жабдықтау - 18,6% төмендеді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек