Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКолумбияның орталық бөлігіндегі таулы ауданда нөсер жауын салдарынан көшкін жүріп, 12 адам қайтыс болды, бірнеше үй қирады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көшкін Кундинамарка провинцисындағы Кветамеде болып, жолындағының бәрін жайпап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта 12 адамның мәйіті табылды, олардың ішінде 2 бала бар. Азаматтық қорғаныс, Қызыл крест құтқарушылары, өрт сөндірушілер мен әскерилер тонналаған батпақ пен үйінді арасынан із-түзсіз жоғалғандарды іздеп жатыр.
Көшкін ел астанасы Богота мен маңызды ауылшаруашылық аймағы саналатын Мета провинциясының астанасы Вильявисенсионы жалғаған тасжолды жауып қалды. Колумбияның таулы аймағында нөсер жаңбыр жиі жауатындықтан көшкін қалыпты құбылыс саналады.
2017 жылы Путумайо провинциясындағы Мокоа қаласында болған кейінгі ірі көшкін салдарынан 320-дан астам адам қаза тапқан болатын.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?