Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСемей колониясында гір көтеру мен қол күрестен сотталғандар арасында жекелей жарыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-сілтеме жасап.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы қызметкерлері мен сотталғандар арасында гір көтеру мен армреслинг жарысын ұйымдастырды.
Жарыс ережесіне сәйкес сотталғандар 24 келілік гір тасын көтеруден сайысқа түсті. Додаға 27 жазасын өтеуші қатысты. Әр қатысушыға 10 минут уақыт берілді. Нәтижесінде 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен А. есімді жазасын өтеуші екі қолымен 32 келі тасты 61 рет көтеріп, топ жарды. Сонымен қатар қол күрес жарысында да қатысушылар жарыс көркін қыздырды.
Оқи отырыңыз:
Спорттық дода мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, медальдармен марапатталды.
Жарыс соңында колонияның бөлім бастығы спорттық сайысты ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, сотталғандардың өз қолымен жасалған бұйымы сыйға тартылды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?