20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырауда С. Мұқашев атындағы политехникалық жоғары колледжде студенттердің білімін тәжірибемен ұштастыруға арналған жаңа заманауи оқу кабинеті ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыстық әкімдік мәліметінше, бұл бастама «Жұмысшы мамандық жылы» аясында жүзеге асып, болашақ мамандардың кәсіби даярлығын күшейтуге бағытталды.
Жаңа кабинет «Химиялық өнімдердің органикалық синтезі» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізуге бейімделген. Оқу орны заманауи халықаралық стандарттарға сай қондырғылармен жабдықталды.
Зертхана студенттердің тәжірибелік машықтарын жетілдіруге, өндірістік ортаға бейімделуіне зор мүмкіндік береді. Жас мамандар тек теорияны меңгеріп қана қоймай, заманауи құрылғыларда жұмыс істеуді де үйренеді, - деді әдістемелік кабинет меңгерушісі Қарлығаш Күзембаева.
Сондай-ақ білім орнының мамандары, зертхана студенттердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жол ашатынын айтты.
Айта кетейік, «Жұмысшы мамандық жылы» аясында ашылған жаңа кабинет «Шұғыла» демеушілік және қайырымдылық комитетінің қолдауымен ашылды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?