10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодар облысындағы ауылдық орта мектептің директоры автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға осы жылдың 15 қыркүйегінде болды. Әкімшілік іс қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотта қаралды.
Сот отырысында ер адам алкогольді ішпегенін түсіндіріп, өз кінәсін мойындамады. Сонымен қатар, сотта жүргізушінің дәлелдері сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, лауазымды тұлғаның түсіндірмесімен және полицейдің жетонындағы бейнежазбамен жоққа шығарылды, – делінген хабарламада.
15 тәулікке әкімшілік қамауға алудан басқа, директор жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді