28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанда 12 наурыздан бастап жол қозғалысы ережелерін бұзудың жаңа түрлерін тіркейтін камералар іске қосылды. Бір ай қорытындысы бойынша алғашқы нәтижелер белгілі болды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік дерекқорлармен біріктірілген жаңа жүйе арқылы қысқа уақыт ішінде мыңдаған құқық бұзушылық анықталған:
Ведомство өкілдері жүйенің басты мақсаты айыппұл салу емес екенін атап өтті:
Бұл жүйе жазалау үшін емес, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін енгізіліп отыр. Азаматтарды заң талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз: сақтандыру полисін алдын ала тексеріп, техникалық байқаудан уақтылы өтіп, жол ережелерін қатаң сақтау қажет.
Рөлде телефонды қалай қолдануға болады?
Полицияның түсіндіруінше, жүргізуші телефонды арнайы ұстағышқа бекітіп, навигатор ретінде пайдаланса, бұл заң бұзушылық болып саналмайды. Бірақ қозғалыс кезінде құрылғыны қолмен ұстауға тыйым салынады.
Заңнамада сондай-ақ hands-free, Bluetooth, көліктің штаттық мультимедиа жүйелері және дауыспен басқару секілді технологияларды қолдануға рұқсат етіледі.
Камералар енді нені тіркейді?
Жаңа жүйе жүргізушілердің әрекетін автоматты түрде бақылау мүмкіндігін кеңейтті. Енді камералар:
Бұған дейін мұндай бұзушылықтарды полиция қызметкерлері тек қолмен тіркейтін.
Сонымен қатар кей жағдайларда жүйе автоматты түрде ескерту де шығара алады.
Бұған дейін автоматты камералардың мүмкіндігі шектеулі болды. Олар тек алты түрлі құқық бұзушылықты тіркейтін:
Ресми деректерге сәйкес, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің кінәсінен болады. 2025 жылдың басынан бері тіркелген 9 мыңнан астам жол апатының шамамен 8 мыңы жүргізушілердің ереже бұзуымен байланысты.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?