19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Көлік министрлігінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмыстың қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көлік министрлігімен жыл көлемінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің қорытындысын шығару мақсатында аппарат басшысы Ерболат Мұқаевтың төрағалық етуімен әрі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және Цифрлық үкіметті қолдау орталығы өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.
Кеңес барысында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау, қызмет көрсету кезінде жүйелі түрде жол берілетін бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, оңтайландыру, реинжиниринг бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат беріліп, 2024 жылға арналған жоспарлар пысықталды.
Сонымен қатар агенттік өкілдері ҚР Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама шеңберінде сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша нақты түсініктемелер берді. Бұл күні сонымен бірге су көлігі және авиация салаларындағы мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестеріндегі реинжиниринг қорытындылары егжей-тегжейлі талқыланды.
Аппарат басшысы мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақтылы көрсетілуін ерекше бақылауға алуда тапсырды. Жалпы биыл министрлік 250 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары